Үй гүлі аукционда 19 мың долларға сатылды

Үй гүлі аукционда 19 мың долларға сатылды
lenta.ru

Жаңа Зеландияда үй гүлі аукционда 19 297 долларға сатылды, деп хабарлайды «Хабар 24» Lenta.ru баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өсімдіктің сегіз гүлді жапырағы бар. Оны сатып алуға 248 адам өтінім білдірген. Баға сауданың соңғы төрт минутында қызған. Екі адам гүлге таласып, бір-біріне мүмкіндік бермеген көрінеді.

«Сатып алушылардың қызу саудасынан кейін соңғы минуттарда да сирек кездесетін өсімдік 102 мыңнан астам қаралым жинаған. Бұл жаңазеландиялықтардың өсімдіктерді қаншалықты жақсы көретінін көрсетеді», — деді TradeMe онлайн-аукционының өкілі Милли Сильвестер.

Өсімдік жарнама сайтында сатылған ең қымбат үй гүліне айналды.