Чехияда вакцинация марафоны өтті

фото: Twitter

Чехияда ерекше шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел аумағы бойынша ұйымдастырылған вакцинация марафонына бір тәулікте 5500 адам қатысқан. Дәрігерлер шараға белсенді атсалысқандардың қарасы қалың болғанын айтады. Мамандар тәулік бойы тынымсыз екпе салдырған.

Ал, Францияның шығысындағы эпидемиологиялық ахуал қайта ушықты. Аймақта тіркелген жаңа науастардың саны артып барады. Еріктілер мен медицина қызметкерлері тұрғындарға маска мен ауруды анықтайтын тест тарата бастады. Мамандар болса халықты екпе егуге шақырады.

Италиядағы жағдай керісінше, оңалып жатыр. Мәселен Венеция көшесі туристермен жандана түсті. Бүгіннен бастап көптеген өңірлер «ақ аймаққа» көшіп, шектеу шаралары жеңілдей бастады. 

Ал, Азия елдеріндегі ахуал әлі де күрделі. Мәселен Бангладеште науқас пен ауру құрбандарының саны өсіп барады. Әсіресе, Үндістандағы жағдай өте қиын. Сарапшылар елдің барлық шекарасын жауып тастауды ұсынып отыр.

Аурудың асқынуы Оңтүстік Америка елдерінде де байқалады. Колумбияның денсаулық сақтау министрлігі өлім-жітім көрсеткішінің тәуліктік рекорды орнады деп дабыл қағада. Ал, Бразилияның Манаус қаласында 45-тен 51 жас аралығындағы тұрғындарға тегін екпе егілуде. Енді халық вакцина алу үшін ұзын сонар кезекте тұр.