Ливанда жанармай тапшылығы туындады

Ливанда жанармай тапшылығы туындады
фото: iz.ru

Ливанда жанармай тапшылығынан құю бекеттерде көлік иелері ұзын-сонар кезекте тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сатылатын  бензинге шектеу қойылып, бағасы да шарықтап кеткен. Ливанда жергілікті валюта құнсызданып, билік ақша аударымы мен шоттан алатын қаражатқа шектеу қойды. Мәселен Орталық банктің валюта қоры таусылуға шақ қалды. Дүниежүзілік банк сарапшылары соңғы 150 жылда әлемде болмаған дағдарыс Ливанда орын алғанын айтып отыр.