ДДСҰ: әлем елдеріне 11 млрд доза вакцина қажет

ДДСҰ: әлем елдеріне 11 млрд доза вакцина қажет

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус әлемде вакцина жеткілікті болғанмен препараттар нағыз керекті жерде пайдаланбайтынын айтады.

Оның пікірінше, G7 мен G20 елдері жер бетіндегі халықтың 70 процентін екпемен қамтамасыз ете алады. Бұл шамамен 11 млрд доза вакцина.

Айта кетейік, үлкен жетілік елдері жақын арада әлем елдеріне 870 млн доза екпе беретінін жариялады. Геб-рейесус бұл адамзатты вирустан құтқару үшін әлі де жеткіліксіз дейді. Мәселен күнде 10 мыңнан астам адам Covidд 19 дертінен көз жұмып жатыр.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

– Үлкен жетіліктің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына көрсетіп отырған көмегіне ризашылығымды білдіремін. G7-ге мүше мемлекеттердің халықаралық Ковакс бағдарламасы арқылы 870 млн доза вакцинаны әлем елдеріне тарату бастамасын толық қолдаймын. Алайда дертке қарсы препарат жылдам , әрі кең көлемде қажет екенін айтым келеді.