Кемерово облысында ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 9-ға жетті

Ресейдің Кемерово облысында парашютші спортшылар мінген шағын ұшақ апатқа ұшырап, 9 адам қаза тапты. Тағы оннан аса кісі жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың бірнешеуінің халі ауыр. Кузбасс қаласының Танай әуежайынан ұшып шыққан ұшақтың көкте бір қозғалтқышы істен шыққан. Апат кезінде ұшақ бортында 24 адам болған.