Гондураста түрмедегі төбелестен 5 адам қаза тапты

Гондурастың Морочели қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде төбелес болып, 5 адам қаза тапты.

Тағы 39 сотталушы жарақат алды. Олардың 13-і ауыр халде жатыр. Тәртіпсіздік түзету орынындағы жазасын өтеп жатқан бір қылмыстық топ мүшелерінің қарсыластарының бөліміне кіріп кетуінен басталған. Қақтығыс 3 сағатқа созылып, арнайы жасақ кіргізіліп әзер басылған.

Айта кетейік, Гондураста түрмелер 2019 жылы әскерилердің қарауына берілген. Бірақ бұл түзету орындарындағы бүлік пен тәртіпсіздіктерді тоқтата қоймаған.

Сондай-ақ...