Хорватияда Крк аралы толықтай «жасыл» энергетикаға көшуге ниетті

Хорватияда Крк аралы толықтай «жасыл» энергетикаға көшуге ниетті

Хорватияда Крк аралы жасыл энергетикаға жол салып, 2030 жылға қарай өзін өзі баламалы энергиямен толық қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Кварнер шығанағында орналасқан аймақта өндірілетін энергияның 10 проценті күн панельдері арқылы алынады. Шағын станциялар саны жыл сайын ұлғаюда. Осымен қатар аралда электромобиль мен велосипедтер кеңінен қолданылып, экотуризмді дамытуға көңіл бөлінуде. Табиғатты қорғаушылар жергілкті биліктің бастамасы Жерорта теңізінің өзге елдеріне үлгі болуы тиіс дейді.

Вейран Пирсич, қоршаған ортаны қорғау ұйымының мүшесі:

- Біз қазір күн панельдерін орнатумен қатар энергияны сақтау жүйесін енгізуге күш салып жатырмыз. Көлік пен кемелерде жасыл энергияны қолдануды кеңейтпекпіз. Ең бастысы мұндай жобалар аралдағы қарапайым халық пен саяси және бизнес қауымның қолдауына ие.