Индонезия билігі вакциналық туризмді дамытуға ниетті

Индонезия билігі вакциналық туризмді дамытуға ниетті

Индонезия шетелдіктердің елге вакцина алу мақсатымен саяхаттауын дамытуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба алдымен Бали аралында жүзеге асырылады. Бірақ ол үшін аймақтағы халықтың 70 проценті коронавирусқа қарсы егілуі тиіс. Егер бағдарлама сәтті болып жатса, жоба елдің өзге аймақтарында да қолға алынады.

Ресми дерекке қарағанда, қазірге дейін Бали аралында коронавирусқа қарсы халықтың 60 проценті егілген екен.