Испанияда мектеп бітіру кештерінен кейін індет өршіді

Испанияда мектеп бітіру кештерінен кейін індет өршіді

Испанияда жүздеген мектеп түлегі коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған оқушылардың Майорка аралына жиналып, мектеп бітіру кештерін кеңінен атап өтуі себеп. Жастар сақтық шарасын сақтамай топ-топ болып қыдырып, түрлі ойын-сауыққа қатысқан. Қазір аралда бір қонақ үйде 600-ден аса оқушы оқшауланған. Ал үйлеріне қайтып кеткен жас жеткіншектерден елдің кей аймағында індет өршіген. Мадрид өңірінде 3 мыңнан аса адам карантинге жабылды.

Айта кетейік, Испанияда өткен сенбі күні шектеулер жеңілдетіліп, далада бетпердесіз жүруге рұқсат берілген болатын.

Патрисия Гомес, Балеар аралдарының денсаулық сақтау министрі:

- Мұндай кештер алдын ала тыңғылықты ойластырылуы керек. Біз індеттен көп зардап шектік. Біздің аймақта коронавирус жүздеген адамның өмірін қиды. Сондықтан азаматтарды дерттен барынша сақ болуға шақырамын.