Ташкентте тұрғындарды қоғамдық орындарда да вакциналау шарасы басталды

Ташкентте тұрғындарды қоғамдық орындарда да вакциналау шарасы басталды

Екпе пункттері Өзбекстан астанасындағы сауда үйлерінде, базарларда да ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кету керек, көрші елде вирус жұқтырғандардың саны күрт өскендіктен, жасы 18-ден асқан азаматтарға дерлік вакциналау жүргізіле бастады. Әзірге өзбектер қытайлық әріптестерімен бірігіп жасаған препаратты пайдалануда. Бұл вакцинаның 2 млн дозасы Өзбекстанға бүгін жеткізілді. Ал тамыз айында COVAX бағдарласы аясында Дүниежүзілік денсаулық ұйымы рұқсат еткен Pfizer, Moderna және де AstraZeneca екпелері жеткізілмек. Жалпы көрші елде екпе алғандардың саны 3,5 млн-ға жуықтады. Ал коронавирус жұқтырғандардың саны 110 мыңнан асып отыр. Соңғы тәулікте 3 адам инфекция салдарынан көз жұмған.