Бельгияның жойғыш ұшағы Нидерландта әскери ғимаратқа барып соғылды

Бельгияның жойғыш ұшағы Нидерландта әскери ғимаратқа барып соғылды
ytro.news

Салдарынан екі адам зардап шеккен.

Бельгиялық жойғыш ұшақ Нидерландтың Әскери әуе күштерінің әуе базасындағы ғимаратқа соқтығысқан. Салдарынан екі адам жарақат алған.

Әуе базасының Twitter-дегі парақшасында ұшқыштың дін аман екені жазылған.

Қазір оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.