Америкада жүк ұшағы апатқа ұшырады

Америкада жүк ұшағы апатқа ұшырады

Американың Гавайи штатында «Боинг-737» жүк ұшағы мұхитқа құлады.

BBC таратқан хабарға сүйенсек, АҚШ федералды азаматтық авиация басқармасының Жағалау күзеті екі ұшқышты да құтқарып қалған. Олардың бірі ауыр халде. Дәрігерлер өмірін сақтап қалу үшін барын салып жатыр. Boeing корпорациясы жағдайды мұқият қадағалап, билікпен байланыс жасап отыр. Апаттың себебі әлі анықталған жоқ. Әуе кемесі штат астанасы Гоно-лулу аралдағы Каху-луи қаласына бағыт алған.