Индонезияда өкпені желдету аппараты жетіспейді

Индонезияда өкпені желдету аппараты жетіспейді

Индонезияда коронавирустың дельта штамы кең етек жайды. Аймақтағы ауруханаларда орын тапшы. Вирусқа шалдыққандар тиісті медициналық көмек ала алмай әлек.

Мамандар науқастарға өкпені жасанды желдету аппараты жетіспей жатқанын айтады. Жергілікті тұрғындар жаппай оттегі баллондарын сатып ала бастағандықтан оның құны да шарықтап кеткен. Үкімет баллондарды медициналық мекемелерге теңдей бөлу үшін арнайы станция ашты. Жуырда ауруханаларға 200 баллон таратылды. Индонезияда бір тәулікте 20 мыңнан астам адам инфекция жұқтырып, 400 науқас көз жұмған. Эпидахуалдың ушығуына дельта штамның тарауы себеп болды.