Жапонияда лай көшкінінен қаза тапқан адам саны артты

Жапонияда лай көшкінінен қаза тапқан адам саны артты

Жапонияның Атами қаласында лай көшкіні салдарынан қаза тапқан адам саны 10-ға жетті, деп хабарлады Киодо агенттігі.

Ал жоғалған 18 адамнан осы уақытқа дейін ешбір хабар жоқ. 

Қазіргі уақытта құтқарушылар лай көшкіні жүріп өткен аймақтағы үйінділерді тазалауды жалғастыруда.

Еске сала кетсек, 37 мың халқы бар Атамидегі көшкін 4 шілдеде таңертең басталды. Оның ұзындығы шамамен 2 км болып, 130-дан астам үй мен ғимарат зақымдалды.