Токиода төтенше жағдай режимі басталды

Токиода төтенше жағдай режимі басталды

Бүгіннен бастап жазғы олимпиада астанасы Токиода төтенше жағдай басталды.

Жапон үкіметі мұндай шешімді өткен бейсенбіде қабылдаған болатын. Бұдан былай мейрамханалар мен сауда орындары кешкі 8-де жабылады және арақ-шарап сатылмайды және бұл режим 2 тамызға дейін жалғасады. Ел астанасына шектес 3 префектура аумағы да төтенше жағдайға енді.

Токио билігінің мәлімдеуінше, кеше коронавирус жұқтырған 614 науқас тіркелді. Осылайша ковидке шалдыққандар қатары 2 мыңға жуықтады. Олардың 61-інің халі ауыр.

Төтенше жағдай режимі 23 шілдеден 8 тамызға дейін Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындары кезінде де сақталады.