Қытайда қонақ үй опырылды: құрбан болғандар саны сегіз адамға жетті

Қытайда қонақ үй опырылды: құрбан болғандар саны сегіз адамға жетті

Қытайдың Цзянсу провинциясы Сучжоу қаласындағы қонақ үй ғимаратының құлауынан қаза тапқандар саны сегіз адамға жетті.

Тағы тоғыз адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады қала үкіметі.

«Сыцзи Кайюань» қонақ үйі дүйсенбі күні түстен кейін құлаған, себебі әлі белгісіз. Ғимарат құлағаннан кейін 23 адам үйінді астында қалған.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.