Қытайдағы 23 қала әлемдегі ауаны ластаудан алдыңғы қатарда тұр

Әлем мегаполистері ауаға бөлетін зиянды қалдықтардың тең жартысы жер бетіндегі ең ірі 25 қаланың үлесінде.

Қытай ғалымдары осындай қорытындыға келді. Мұндай тұжырымға келу үшін олар 53 елдегі 170-ке жуық шаһарға зерттеу жүргізген. Нәтижесінде Қытайдың 23 қаласы, сондай-ақ Мәскеу мен Токио атмосфераға кететін зиянды заттардың 52 процентін шығаратыны анықталды.