Еуроодақ 2035 жылдан бастап бензинмен жүретін көліктерді жолға шығармайды

Еуроодақ 2035 жылдан бастап бензинмен жүретін көліктерді жолға шығармайды

Еуроодақ жаһандық климаттың өзгеруіне қарсы күрес жоспарын таныстырды.

Мақсат 2030 жылға дейін ауаға бөлінетін парник газды 1990 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 55 процентке азайту. Бұл үшін бензин және дизельмен жүретін жаңа автокөліктердің сатылымын тоқтату керек, дейді мамандар. Сөйтіп, электромобильдерге басымдық берілмек. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін Одаққа мүше елдер 50 миллиард еуро көлемінде инвестиция құймақ. Бұдан бөлек Еуроодақ шеттен әкелінетін тауарларға қосымша баж салығын енгізуді көздейді. Оның мөлшері тауардың құрамындағы көміртекке байланысты болмақ. Аталған жоспарды іске асыру үшін Брюссельге одаққа мүше елдер мен Еуропарламенттің қолдауы керек.