Эйфель мұнарасына тек вакцина салғызғандар кіреді

Эйфель мұнарасына тек вакцина салғызғандар кіреді

8 ай жабық тұрған Эйфель мұнарасы қайта ашылды. Қазір оған барлық адам кіре алады. Бірақ 21 шілдеден бастап мұнараға тек вакцина алғандар ғана жіберіледі.

Бұдан басқа жасы 11-ден асқан келушілер бетперде киіп, әлеуметтік арақашықтық сақтауы тиіс. Ғимарат ішінің тек жартысын ғана толтыруға рұқсат берілмек. Туристік нысан күнде ашық тұрады. Күніне 10 мың адам қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, Эйфель мұнарасы өткен жылдың қазанында жабылған болатын. Карантин кезінде келушілер саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 80 процентке төмендеді.