АҚШ: Бейсбол ойыны кезінде атыс болды

АҚШ: Бейсбол ойыны кезінде атыс болды

АҚШ астанасы Вашингтонда бейсбол ойыны кезінде стадионда атыс болып, 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың екеуі осы оқиғаға қатысты күдіктілер. Олар дәрігерледің көмегіне жүгініп қолға түскен.  Ал қалған жапа шеккен екі адамның өміріне еш қауіп төніп тұрмағаны айтылады.  Әзірге атыс неден шыққаны белгісіз. Оқыс оқиғаға байланысты ойын тоқтатылған. Тергеу жүріп жатыр.