Испанияда жағалау күзеті 18 мигрантты құтқарып алды

Испанияға соңғы айларда Африкадан теңіз арқылы жетуге талпынған мигранттар қарасы азаймай тұр.

Осы елдің жағалау күзеті Канар аралдарының жағалауына жақын жерде тағы 18 мигрантты құтқарып алды. Әскерилердің айтуынша, ағаш қайыққа толы адамды алдымен көктен байқап, бірден құтқару кемесі жіберілген. Қазір мигранттар Аргинегин портына жеткізілген. Ал ресми дерекке қарағанда, жыл басталғалы Испанияның Канар аралдарына 7 мыңға жуық мигрант келіпті. Жергілікті билік бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп дейді.

Сондай-ақ...