Киевте су басқан метро стансасы жабылды

Киевте су басқан метро стансасы жабылды

Украина астанасы Киевте метро стансасы жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған ауа райының қолайсыздығы себеп. Қалада қатты нөсер жауып, метроның касса залын су басқан. Жаңбырмен қоса екпінді жел соғып, трамвай мен троллейбус кідіріспен қатынап жатыр. Шаһар көшелерін де су басқан.

Киевтен бөлек, Украинаның тағы бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды.