Мәскеуде QR-код жүйесі алынып тасталды

Мәскеу қаласында кафе мен ресторандарға кіру үшін қолданылған QR-кодтардың күші жойылды.

Екпе салдырғанын растайтын жүйе үш апта ғана істеді. Бүгіннен бастап фуд-корттар, кафе мен мейрамханалар түнгі мезгілде де ашық болады. Балалардың ойын алаңдары, түнгі клубтар мен барлар да жұмысын жандандырады. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, қаладағы компаниялар қызметкерлерінің 60%-іне екпе салдырған, сондықтан QR-код жүйесі алынып тасталды. Соңғы айда Мәскеуде екі миллионнан астам адам екпе алған. Дегенмен қала әкімшілігі эпидахуал әлі де күрделі екенін айтады.

QR-кодтарды енгізудің тіпті қажеті жоқ еді. Өйткені тиімсіз екені бірден-ақ белгілі болған. Сондықтан, 3-4 апта өтпей-ақ, күшін жойды.

Алып тастағаны дұрыс деп санаймын. Өйткені қоғамдық көлікте бәрібір адамдар бір-біріне жақын тұрады. Дәмханаларға қарағанда жұрт басқа жерлерде көп шоғырланады.