Ирак астанасының маңында жарылыстан 30 адам ажал құшты

Ирак астанасының маңында жарылыстан 30 адам ажал құшты

Ирак астанасының маңындағы Садр қаласында жойқын жарылыстан 30 адам ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бірнеше тұрғын жарақат алды. Лаңкестік әрекет базарда болған. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, жарылысты жанкешті жасаған. Куәгерлер Құрбан айт мейрамына байланысты базарда адам қарасы көп болғанын айтады. Елдің Премьер-министрі Мұстафа әл-Казыми тергеу амалдарын шұғыл бастап қала полициясының басшысын қамауға алуға бұйрық берді.

Блиц:

- Жанкешті беліне жарылғыш зат байлап алыпты. Ол өзін базарға тура кіреберісте жарып жіберді. Көп адам кезекте тұрған болатын. Айнала қан жоса болды.