Эпидахуалдың ушыққанына ашынған Куба халқы бас көтерді

Эпидахуалдың ушыққанына ашынған Куба халқы бас көтерді

Латын Америкасындағы жан басына шаққандағы коронавирус жұқтырудың ең жоғары деңгейі Кубада тіркелді.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бұл елде соңғы аптада 1 миллион тұрғынға есептегенде 4 мыңдай адам індетке шалдыққан. Сарапшылар вирустың өршуін «Дельта» штамымен байланыстырады. Бір ғана Матансас провинциясында ауруханалардағы жағдай өте қиын. Әсіресе мұнда оттегі мен дәрі-дәрмек тапшы. Эпидахуалдың ушыққанына ашынған халық бас көтерді. Үкіметтің әрекетсіздігін сынаған жаппай наразылық бұл елде соңғы 30 жылда болмапты. Ал дәрігерлер ковид шектеулерін күшейтуді талап етіп әлек.  

Франциско Дуран, Кубаның Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиология департаментінің директоры:

- Жұқтыру деңгейінің күрт өсуі вирустың жылдам таралып жатқанын көрсетеді. Коронавирусқа қатысты жағдай өте қиын. Карантин шараларын күшейту қажет. Бұл талаптарды адамдар қатаң ұстануы шарт.