Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 4 млн-нан асты

Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 4 млн-нан асты
фото: inform.kz

Әлем бойынша 193 миллион адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал қайтыс болғандар саны 4 млн-нан асып кетті. Өлім-жітім көрсеткіші мен науқас саны бойынша АҚШ бірінші орында тұр. Онда коронавирустан 626 мыңнан астам адам жан тапсырған. Бразилия екінші оранда. Латын Америкалық мемлекетте 547 мыңнан аса адам өмірмен қош айтысқан. Тізімді әрі қарай Үндістан жалғайды. Ол елде COVID-19 дан қайтыс болғандар саны 419 мың 502-ге жетті. Ал көрші Ресей мемлекеті алтыншы орында тұр. Шекаралас елде 151 мыңнан астам адам бақилық болған.