Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамын жұқтыру деректері тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір тиісті 16 оқиға жайлы белгілі. Науқастардың дені – жуырда шетелден оралған азаматтар. Бұл мутацияға әлі атау берілмеген. Негізі оны жұқтырудың әлемдегі ең алғашқы дерегі биыл қаңтарда Колумбияда тіркелген екен. Осы күнге дейін ол 26 елде расталыпты.

Британдық мамандар вирустың бұл түрі індеттің ауыр формада өтетінін, не вакцинаның тиімділігін төмендетенін растайтын ақпарат жоқ дейді. Оларды дельта штамы көбірек алаңдатып отыр. Өйткені жергілікті ғалымдар оны қайта жұқтыру қаупі жоғары екенін хабарлайды. Негізі осы дельта қазір Еуропаның барлық дерлік елінде тіркелген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері алдағы уақытта ол әлемдегі басым штамға айналатынын айтады.