Әлемдегі ең қымбат фри картобы Нью-Йоркте жасалды

Әлемдегі ең қымбат фри картобы Нью-Йоркте жасалды

Жылдам дайындалатын бұл тағамның бағасы 200 доллар, яғни 85 мың теңге тұрады.

Бұл баға өнімнің құрамына байланысты белгіленген. Фри Франциядан әкелінген жоғары сортты картоптан және трюфель ірімшігінен дайындалып, жаңғақ дәмі бар майға қуырылады. Әбден дайын болған өнімге жеуге болатын алтын түстес ұнтақ себіледі. Ерекше фри Гиннестің Рекордтар кітабына енгізілді. Бұған дейін аталған мейрамхана әлемдегі үйлену тойының ең үлкен тортын және жеміс-жидек қосылған ең қымбат балмұздақты әзірлеп, рекорд орнатқан еді.

Фредерик Шен-Киверт, Бас аспаз:

Бұл фридің ішінде трюфель бар. Басқаша трюфель майы деп айтуға болады. Сондай-ақ морнэ деп аталатын француз тұздығы қосылған. Бірақ трюфель – тағамның басты мәзірі.