Коста-Рикада су тасқыны екі адамның өмірін қиды

Коста-Рикада су тасқыны екі адамның өмірін қиды
korrespondent.net

Коста-Рикада нөсер мен су тасқыны кем дегенде екі адамның өмірін қиды.

Тағы екі адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы Reuters хабарлады. 

Елде 3 мыңға жуық тұрғын ауа райының қолайсыздығынан үйлерінен шыға алмай отыр. Метеорологтардың болжамынша, жақын күндері жауын-шашын тоқтамайды.