Германияда химиялық зауыттағы жарылыстан 2 адам қаза тапты

Германияда химиялық зауыттағы жарылыстан 2 адам қаза тапты
RT

Германияның Леверкузен қаласындағы химиялық зауыттағы жарылыстан 2 адам қаза тауып, 5 жұмысшы із-түзсіз жоғалып кетті.

Ал апат кезінде жарақат алғандардың саны 31-ге жетті. Олардың кейбіреуінің халі мүшкіл. Еске сала кетейік, Леверкузен қаласындағы өнеркәсіптік аймақта оқыс оқиға кеше болды. Тұрғындардың айтуынша, алдымен қатты жарылыс естіліп, содан кейін өрт шыққан. Апаттан кейін ауаға улы заттардың таралғаны жөнінде нақты ақпарат жоқ. Бірақ оқиғадан кейін зауытқа жақын маңдағы тұрғындарға есік-терезелерін жауып, сыртқа шықпауға кеңес берілген. Апат салдарымен күрес әлі жүріп жатыр.

Ларс Фридрих, химиялық зауыттың басшысы:

- Біз зауытта апат болғаны жайлы халыққа бірден хабарлап, жақын маңдағы тұрғындарға көшеге шықпауға кеңес бердік. Әзірге ауадан алынған сынамалар зерттеліп жатыр. Оның қорытындысы кешірек шығады.