425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Француз ғалымы вакцинаның ағзаға қалай әсер ететінін түсіндірді

  • 201
  • UPD: 00:04, 30.07.2021
Француз ғалымы вакцинаның ағзаға қалай әсер ететінін түсіндірді

Ұзынқұлаққа сенген халық екпе ДНҚ-ны өзгертеді немесе уақыт өте келе денсаулыққа зиян тиеді деп қауіптенеді.

Осыған байланысты Франция ғалымы Реми Саломон РНҚ негізінде жасалған вакциналар адам ағзасына қалай әсер ететінін түсіндірді. Профессор генетика саласындағы ғылыми зерттеулерімен танымал.

Реми Соломон, Франция мемлекеттік госпитальдер медициналық комиссиясының президенті: 

- Рибонуклеин қышқылы негізіндегі вакцина қалай жұмыс істейді? РНҚ - бұл вирустың ұсақ бөлшектері, жасыл сызықтармен белгіленген. Олар өте нәзік болғандықтан нанобөлшектер деп аталатын кішкентай липсид капсулаларына орналастырылады. Нанобөлшектер вирус РНҚ-сын жасушаларымызға ендіруге мүмкіндік береді. Бұл бірінші сатысы. Осыдан кейін РНҚ вирус ақуызын шығарып, бірнеше сағаттан кейін жойылып кетеді. РНҚ болса ДНҚ сақталатын жасуша ядросына ене алмайды. Вирус ақуызы жасуша бетіне шығып, онда лейкоциттермен кездеседі. Осылайша лейкоциттер оны танып үйреніп, кейін вируспен күресетін антиденелер шығарады. Вакциналаудан кейін ешбір нанобөлшек, вирустың РНҚ-сы, вирус ақуызы қалмайды. ДНҚ бүтін қалады. Вакциналаудың жалғыз ізі вирус ақуызын тануға үйренген лейкоциттер. Бұл вакциналаудың қағидаты. Егер вирус ағзамызға енсе антиденелер оны танып жояды. Осылайша ағзамызда вирустың көбеюіне жол бермейді.

Хабар 24 телеарнасы