Калифорнияның солтүстігінде тағы орман өртенді

Калифорнияның солтүстігінде тағы орман өртенді

АҚШ-тың Калифорния штатының солтүстігінде де қайта орман өрті тұтанды, деп хабарлайды Хабар 24.

Лаулаған жалын 75 мың гектар жерге таралып үлгерді. Өрт бірқатар елді-мекенді күлге айналдырған. Тілсіз жаумен жүздеген өрт сөндіруші күресіп жатыр. Ауа райының құрғақ әрі желді болуы жағдайды ушықтырып, өртті ауыздықтауға кедергі  келтіруде.

Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Ал ресми мәліметке қарағанда, қазір АҚШ-тың батысындағы оннан астам штатында 85 орман өрті тіркелген.

Қызыл жалын 5 мың шаршы шақырым жерге таралып, жолындағының бәрін тып-типыл еткен. Тілсіз жаумен 20 мыңнан аса өрт сөндіруші күресіп жатыр.