Екпе салдырған туристер Сауд Арабиясына кіре алады

Екпе салдырған туристер Сауд Арабиясына кіре алады

Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алған шетелдіктер 1 тамыздан бастап туристік виза арқылы Сауд Арабиясына кіре алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бір айта кетерлігі, олар корольдікте қолдануға рұқсат етілген екпенің біреуін салдырған болуға тиіс. Мұнда Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson & Johnson және AstraZeneka компанияларының препараттары мақұлданған. Бұл вакциналардың екі компонентін қабылдаған шетелдіктер корольдікке кіргеннен кейін карантиннен босатылады. Сондай-ақ 1 тамыздан бастап екпесі жоқ жергілікті тұрғындар жұмысқа не басқа да іс-шараларға жіберілмейді. Бүгінде мұнда халықтың жартысынан астамы коронавирусқа қарсы екпенің кемі бір дозасын алып қойған. Тақауда билік 12-ден асқан жеткіншектерді де вакциналауға рұқсат берді.