Өзбекстан Олимпиада ойындарындағы екінші алтын жүлдесін жеңді

Өзбекстан Олимпиада ойындарындағы екінші алтын жүлдесін жеңді

Өзбекстандық ауыр атлет Акбар Джураев Токиодағы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Хабар 24 Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Ол 109 кило салмақта топ жарды. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша Джураев 430 (193 + 237) кило көтерді. Ал екінші орынды армениялық Симон Мартиросян 423 (195 + 228) алса, үшінші сатыға латвиялық Артурс Плесниекс 10 (180+230) жайғасты. 

Айта кетейік, бұл Өзбекстан құрамасының Олимпиада ойындарындағы екінші алтыны. Бұған дейін таеквондодан Улугбек Рашитов алтын алған болатын.