Иранда қазақ баласы табысқа жетті

Иранда қазақ баласы табысқа жетті
www.trt.net

Иранда Гүлистан уәлаятының Бендер Түрікмен қаласында тұратын қазақ оқушы Ирфан Көрпе университет емтиханында ел көлемінде үшінші орын алды.

Иранда биыл 1 миллион 366 мың 931 талапкер мемлекеттік университетте оқу үшін бақ сынады. Жоғары сыныптың бір бөлімін Бендер Түрікмен қаласында, қалғанын Гүрген қаласында оқыған қазақ оқушы осы емтиханда үздіктер қатарында орын алды. Ол жақсы нәтиже алған үшінші талапкер атанды.

Ирфан болашақта медицина факультетінде оқуды армандайды. Оның табысы Иранда өмір сүретін қазақтар мен түрікмен ағайындарын қуанышқа бөледі.

Иран қазақтары Гүлистан уәлаятының Бендер Түрікмен, Гүрген және Гүмбет Кавус қалаларында шоғырланған.