Филиппин астанасында вирустың ушығуына байланысты локдаун жарияланды

Филиппин астанасында вирустың ушығуына байланысты локдаун жарияланды

Филиппин астанасы Манилада локдаун жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған аймақта коронавирустың «Дельта» штамының кең етек жаюы себеп. Шектеу шаралары тамыздың 20-сына дейін жалғаспақ. Осы уақыт аралығында жергілікті тұрғындар үйлерінен тек азық-түлік дүкені мен ауруханаға ғана шыға алады. Аймақтағы коменданттық сағат та өз күшінде қала бермек. Ал, қала сыртында блок-бекеттер орнатылды. Айта кетейік, ел астанасында осымен үшінші мәрте қатаң локдаун жарияланып отыр.