Грекияда орман өртінен тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріле бастады

Грекияда орман өртінен тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріле бастады

Грекияда осыдан 4 күн бұрын басталған орман өрті ырық берер емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лаулаған қызыл жалын, керісінше, одан сайын өрши түсуде. Небәрі бір тәулікте елде 100-ге жуық жаңа өрт ошағы тіркелген. Қазір олардың саны 150-ден асады. Осыған байланысты 6 өңір жоғары дайындық режиміне көшті. Апат аймағындағы тұрғындар болса қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

Блиц:

- Өте өкінішті. Себебі тілсіз жау кесірінен мыңдаған адам үйсіз қалды. Табиғи апат әлі де бой берер емес.

Өрттің өршіп тұрғаны сонша, ол тіпті Эвия аралына таяп қалды. Осыған байланысты мыңдаған тұрғын мен саяхатшы қайықтармен эвакуациялана бастады. Өйткені азаматтарды құтқарудың басқа амалы қалмаған. Жалын жолындағының бәрі жалмап, күлге айналдырып жатқан көрінеді.