Қытайда жарты миллиондай адам тасқыннан зардап шекті

Қытайда жарты миллиондай адам тасқыннан зардап шекті

Қытайдың оңтүстік-батысында толассыз құйған нөсер соңы алапат тасқынға ұласты.

Табиғи апаттан әсіресе Сычуань провинциясына қиын соқты. Бұл аймақта 80 мыңнан астам адам қауіпсіз жаққа көшірілді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Дачжоу су қоймасындағы су деңгейі қалыпты межеден 2 жарым метрге көтерілген.

Жалпы 6 қаланың жарты миллиондай тұрғыны зардап шекті. 45 үй қирап, жүзден аса ғимаратқа зақым келген. Алдын ала ақпарат бойынша, жауын-шашын қазірдің өзінде 40 миллионға жуық доллар шығынға батырды.