Жаңа Зеландияда медбикелер бас көтерді

Жаңа Зеландияда медбикелер бас көтерді

Жаңа Зеландияның ең ірі Окленд қаласында медбикелер шеруге шықты.

Олар еңбек күшінің жетіспеушілігі мен жұмыс жүктемесенің шамадан тыс көптігіне қарсы бас көтерген. Наразылық шарасына қатысушылар саны 1 жарым мыңға жуықтайды. Көп ұзамай олар қатарымыз 30 мыңнан асады деп отыр. Расымен ереуілшілердің қарқыны қатты. Олар ел астанасы Веллингтондағы парламент үйіне дейін бармақ. Басты талап – жалақы көлемін арттыру. Ал еңбек күшінің қысқаруына коронавирус салдарынан шекараның жабылуы себеп болған.

Джил Овенс, медбикелер одағының басшысы:

– Медбикелердің жалақысы мардымсыз. Сондықтан жергілікті тұрғындар бұл жұмысқа тұрғысы келмейді. Біздің бұл шеруіміз әлі кемінде 4 күнге созылады. Біз жалақымызды көтеруді ғана талап етіп отырмыз. Әйтпесе басқа да мәселе бастан асады. Мысалы, жұмыс орнындағы қауіпсіздік жағын мүлде қозғамай отырмыз.