Өзбекстанда қоқыс полигонынан келетін көк түтін мәселесі шешілмек

Өзбекстанда қоқыс полигонынан келетін көк түтін мәселесі шешілмек

Өзбекстандағы қоқыс полигонынан келетін көк түтін мәселесі жақын арада шешілмек.

Бұл жөнінде тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының басшылығы мәлімдеді. Олардың айтуынша, қазір Түркістан облысындағы Көктерек пен Алпамыс ауылдарының тұрғындарының мазасын қашырған көк түтін ескі қоқыстың тұтануынан туындап отыр.

Сайдулла Муталшайхов, «Zangiota Obodon» ЖШС атқарушы директоры:

- Жаз ыстық қой. Соның салдарынан бұрын әкеліп төгілген қоқыс жанып жатыр. Қазір біз қоқысты сұрыптайтын зауытты салдық. Жұмыстар тиісті деңгейде жүріп жатыр. Біздің Үкімет алдында инвестициялық борышымыз бар. Ал қоқыс полигонын басқа жаққа көшіру жөніндегі келісім жайында ештеңе естіген емеспін. Егер бізге жаңа орын берілсе, біз зауытымызды сол жаққа көшіруге дайынбыз.