Ресейде оттек құбырындағы апаттан тоғыз науқас көз жұмды

Ресейде оттек құбырындағы апаттан тоғыз науқас көз жұмды

Солтүстік Осетияның Владикавказ қаласындағы ауруханалардың бірінде оттекпен қамтамасыз ететін құбырдан ақау шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апаттан медицина мекемесінде емделіп жатқан 9 науқас көз жұмды. Мамандардың айтуынша, марқұмдар жасанды желдету аппаратымен тыныс алған еді. Апаттан кейін қалған науқастар резервтік жүйеге қосылды.

Айта кетейік, оқиға болған ауруханада 71 адам жатыр. Оның 13-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 62 науқас ауыр халде. Министрлікте әр науқас қазір дәрігерлердің жіті бақылауында екенін айтады. Қазір болған жайтқа қатысты тергеу ісі басталды.