Черногорияда орман өрті тұрғын үйлерге қауіп төндіріп келеді

Черногорияда орман өрті тұрғын үйлерге қауіп төндіріп келеді

Черногорияда да орман өрті жергілікті тұрғындарды есеңгіретіп тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, тілсіз жау ел астанасы Подгорица қаласының маңына жақындап қалған. Өртті сөндіруге аймақтағы қатты жел кедергі келтірген. Жергілікті билік от қасақана ұйымдастырылғанын айтады. Қазір полиция оқиғаға жауаптыларды іздестіріп жатыр. Ал, Никшич қаласында өршіген өрттен 5 адам із-түзсіз жоғалды. Қазір апатқа қатысы бар деген 19 жастағы күдікті ұсталды. Тергеу ісі жалғасып жатыр.