Берлинде вакцина кеші өтті

Берлинде вакцина кеші өтті

Келушілер вакцина салып қоймай, ән тыңдап, би биледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл кешті Берлин әкімдігі ұйымдастырған. Көңіл көтерудің мұндай түрін сағынғандар көп екен. Арена алдында ұзын-сонар кезек тұрды. Алғашқы есеп бойынша, бұл шараға бір мыңнан аса адам қатысқан. Оларға BioNTech/Pfizer вакцинасы ұсынылды. Екпені қала тұрғындарына ғана емес, туристер мен заңсыз мигранттарға салуға мүмкіндік берілді. Төлқұжаттар тексерілген жоқ. Берлин Сенаты мұндай шараны тағы да өткізетін болады. Әзірге ел халқының 55% вакцина салдырып үлгерді.  

Илена, студент:

– Өзім Бразилияданмын. Бізде коронавирустың жаңа штамы пайда болғанын білесіз. Екпе салдырмағандықтан, мутациялар шығып отыр деп ойлаймын. Міне, осында вакцина алу үшін келдім. Кейін музыка тыңдау үшін қалмақпын. Мұнда Берлин клубтарының атақты диджейлері ойнайтынын естідім. Оларды жақсы білемін.

Мари, Берлин қаласының тұрғыны:

- Қазан айынан бастап Берлинде тұрып жатырмын. Осы кезге дейін вакцина алуға уақытым болған жоқ. Тіркелмей және құжатсыз екпе салдыру мүмкіндікі пайда болғаны қандай керемет. Оған қоса музыка да ойнайды. Тамаша ғой!