Сицилияда Этна жанартауы атқылады

Италияның Сицилия аралында Этна жанартауы атқылады.

Бұл туралы Rai News хабарлады.

Жанартаудың атқылауы түнгі 1:40 шамасында басталып, таңғы 5-те аяқталған.

Жанартаудың әсерінен 4,5 магнитудалы жер сілкінісі болды. Катания әуежайынан ұшатын рейстер кейінге қалдырылды.