Филиппиндегі вакциналау орталықтарында ұзын-сонар кезек 

Филиппиндегі вакциналау орталықтарында ұзын-сонар кезек 

Филиппин астанасы Маниладағы вакциналау орталықтары енді тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мектептер мен стадиондар да екпе орталығына айналды. Тамыздың 6-сынан 20-сына дейін манилалықтардың жүріп-тұруына шектеу қойылған. Себебі мұндағы 110 миллион азаматы бар мемлекеттің небәрі 6 проценті ғана вакциналаудан толық өткен.