Ғалым: «Дельта» штамы барда ұжымдық иммунитет қалыптастыру мүмкін емес

Ғалым: «Дельта» штамы барда ұжымдық иммунитет қалыптастыру мүмкін емес

«Дельта» штамы барда ковидке қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыру мүмкін емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

AstraZeneca вакцинасын жасаған мамандар осылай деді. Мамандардың айтуынша, екпе алған адамға да вирустың мутацияланған түрі жұғуы мүмкін. Қолда бар вакциналар тек ауыр халде, өлім аузында жатқан азаматтарды құтқара алады. Бүгінде Ұлыбританиядағы ересек адамдардың 75 процентінен астамы коронавирусқа қарсы препараттың екі дозасын да алып үлгерген.