Ресейде жолаушылар автобусы жарылып, бір адам көз жұмды

Ресейде жолаушылар автобусы жарылып, бір адам көз жұмды

Ресейдің Воронеж қаласында жолаушыларға лық толы автобус жарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиғадан 1 адам мерт болды. Ақпарат көздері 20-ға тарта жолаушы жарақат алғанын хабарлайды. Зардап шеккен 3 адам ауыр халде жатыр. Жарылыс аялдаманың жанында адамдар көлікке мініп жатқанда болды. Белгілі болғандай, көлікте 35 адам болған. Оқиға орнында мамандар жұмысын жалғастырып жатыр. Автобустың не себептен жарылғаны әзірге белгісіз. Бірнеше нұсқа қарастырылуда. Прокуратура тергеу ісін бастады. Ал, жергілікті билік автомобильдер паркіндегі барлық көлікті жіті тексеру керек деген бұйрық берді.

Куәгер:

- Аялдамада тұрған едік. Адамдар автобусқа кіре бастады. Кенеттен түтін шығып, жарылыс болды. Не болғанын түсінбей қалдым.