Ғарышқа зымыран ұшыру сәтсіз аяқталды

Ғарышқа зымыран ұшыру сәтсіз аяқталды

Үндістанда ғарышқа ұшпақ болған зымыран көкке көтеріле алмады.

Зымыран-тасығыштың үшінші басқышы іске қосылмай қалған. Елдің Ғарыштық зерттеулер ұйымы бұл сәтсіздікті «техникалық ақаудан болды» деп түсіндірді. Тасымалдағышта жердегі табиғи апаттар, жауын-шашын бағыты және басқа құбылыстарды ғарыштан бақылауға арналған, салмағы 2 тонналық жерсерігі бар еді.

Ар Си Капур, астрофизика институтының профессоры:

– Бастапқы 2 басқыш іске қосылғанымен, үшіншісі әрекетсіз қалды. Бұл ең маңызды бөлік болатын. Себебі ауыр жерсерігін көтеруге мүмкіндік беретін қозғалтқыш осында орналасқан. Үмітіміз зор болатын.