АҚШ-та аптап ыстық бет қаратпай тұр

АҚШ-та аптап ыстық бет қаратпай тұр
фото: forumdaily.com

АҚШ-тың кейбір қалаларында ауа температурасы 100 жылда болмаған рекордтық деңгейге жетіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Шамадан тыс ыстық алдағы күндері де жалғасады», - дейді жергілікті синоптиктер. Ал дүниежүзі ғалымдарының айтуынша, мұндай аномалияның орын алуы жаһандық жылынудың әсерінен.

Кейбір баспасөз өкілдері мұндай ыстықты бұрын-соңды болмаған деп жазып жатыр. Сонда АҚШ қалалары бойынша ең ыстық температура қай жерлерде тіркеліп отыр?

Шамамен жарты сағат бұрын күн ұясына батқанымен оның аптабы әлі де басылар емес. Олай дейтініміз, Тынық мұхитынан келетін ауа массасының булануы салдарынан осындай қапырық қалыптасады және ол күн батқаннан кейін де бірнеше сағат бойы созылып тұруы мүмкін. Сондықтан да күннің көзі дәл қазір шыжып тұрмаса да, ыстық ауа температурасы әлі де сақталып тұр.

«Енді бірден айту керек, мұндай аномалиялық ыстықтың келуіне бірнеше себеп бар», - дейді сала мамандары. Соның ең алғашқысы Тынық мұхитынан келіп жатқан антициклонның және жалпы жаһандық жылынудың әсері тиіп отыр дейді.

Дұрыс айтасыз. Рекордтық деңгейге жетіп отырғандығы рас. Мысалы оңтүстік штаттарды былай қойғанда АҚШ-тың батыс бөлігінде орналасқан Pacific Northwest деп аталатын Орегон мен Вашингтон штаттарында ауа температурасы 47 градусқа жетті. Мұндай температура ол аймақтарға мүлдем тән емес құбылыс. Ал біз тұрған Нью-Йоркке келер болсақ, мұндағы ауа температурасы бүгін 42 градусты құрады. Осы орайда күннің көзінен қорғану үшін Cooling Centers деп аталатын 600-ден астам салқындатқыш орталықтары ашылды. Сонымен қатар салқындатқыш автобустар да іске қосылды. Демек, кез келген адам демін басып, көлеңке іздесе, арнайы телефонға хабарласып, жақын жердегі салқындатқыш орталықтарына бара алады.

Лин, қала тұрғыны:

- Салқындатқыш автобустардың пайда болғаны өте жақсы болды. Өйткені кез келген адамның көлігі немесе кондиционері жоқ. Ал мұндай ыстықта қарапайым желдеткіш қолдана алмайсыз. Кондиционер керек. Сол үшін салқындатқыш орындардың ашылғаны қуантады.

Күннің ысуына байланысты кейбір штаттарда бастауыш мектептер мен жұмыс орындары уақытша жұмысын тоқтатуда. Және қала әкімдіктері тұрғындарды алдағы үш күн бойы электр кабельдеріне абай болуға шақыруда. Өйткені күннің көзі шыжып тұрғанда электр қабелдері еріп, салдарынан тұрсыстық өртке де аналуы мүмкін.

Джон Скривани, Төтенше жағдай комиссары:

- Электр жүйесін абай болыңыздар. Бұл әдеттегі тамыз айындағы ауа температурасы емес. Бұл сіздер үшін өте қауіпті температура. Артық қолданбайтын электрлік аспаптарды күн батқнша қолданбауларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар көршілеріңіздің халін тексеріп тұрыңыздар. Өйткені кейбір тұрғындар егде жастағылар немесе науқастар боулы мүакін. Оларды жалғыз қалдыруға болмайды.

Синоптиктердің айтуынша, аптап ыстық алдағы екі-үш күн бойы жалғасатын көрінеді. Сол себепті осы уақыт аралығында ауа температурасы өте жоғары аймақтарда тұратын 150 миллион америкалықты күннің көзіне шығудан сақтануға шақыруда.