Ұлыбританияда атыс болып, бес адам мерт болды

Ұлыбританияда атыс болып, бес адам мерт болды
фото: Reuters

Ұлыбританияның оңтүстік батысындағы Плимут қаласында атыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Куәгерлердің айтуынша, қаруланған белгісіз біреу екі пәтерлі тұрғын үйге баса көктеп кіріп, ішіндегі бір әйел мен оның баласын атып өлтірген. Кейін үйдің артындағы саябаққа барып, адамдарға бей-берекет оқ жаудырған. Полиция орын алған жайтты террорлық әрекет емес екенін айтады. Қаскөйдің бұл қадамға не себептен барғаны әзірге белгісіз. Тергеу ісі жалғасып жатыр.